Сарыағашта «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ашық есік күні өтті

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Даулет Тұрмановтың қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды.

Аудандық Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Ақтолқын Кубегенованың ұйымдастыруымен өткен бұл шараға аудандық әкімшілік мамандандырылған сот өкілдері, прокуратураның жауапты маманы, әкімдік жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері, аудандық «Аманат» патиясының өкілдері қатысты.

Осы орайда «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, «Ашық есік» күнін өткізуге де мүмкінді туды.

Жоғарыда аталған акция аясында жиналыс мүшелері сонымен қатар ауыл билерімен бірлесіп аудандық полиция бөлімінің Арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауда отырған агрессорлармен жеке профилактикалық түсіндірмелік әңгіме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Қабылданып жатқан заң жобасы, тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқы сақталып, тұрмыстағы қысымды болдырмауға көмек болатыны сөзсіз. Осындай ұзақ төзудің соңы әйелдің денсаулығына зиянын тигізіп жатады. Мәселен біздің орталыққа әйелдердің басым бөлігі жағдайдың ушығып, бар амалы таусылған сәтінде барып хабарласады. Тіпті күйеуінен  немесе оның туыстарынан қаймығып  қоңырау шалуға қорқатынын, олармен біздің сөйлесуімізді өтінетіндер де бар, мүмкіндігінше отбасын сақтап қалу мақсатында ол әйелдің жолдасымен, қажет болса туған-туыстарымен әңгімелесіп, татуластыру жұмыстары жүргізіледі. Зорлық көрген әйелдер балаларын алып, үйінен, жып-жылы шаңырағынан кетуге мәжбүр, не үшін? Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, ал агрессор ер азаматтармен жұмыс жүргізілмейді. Осыған байланысты біздің елімізде пилоттық жоба ретінде арнайы жоба қолға алынып жатыр. Осы бағдарлама аясында отбасындағы агрессияның пайда болуының негізгі себебі анықталып, жақындарына қол көтеріп үйренген ер адамға ашуды жеңудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Психолог, психотерапевт мамандар оның ызасы не себепті пайда болғанын, неге біреуді ұруға әуес екенін зерттейді . Негізгі мақсаты – агрессордың істеген зорлық-зомбылығының қылмыс екеніне көңіл аудартып, мойнына жауапкершілікті алуына және келешекте осындай қатыгездікке қайта бармауына ықпал ету. Осы пилоттық жоба нәтижелі болса, бүкіл Қазақстанда жүзеге асырылады. Осындай сабақтарды, заң аясында барлық агрессор ер азаматтарды оқытуды міндеттеу керек деп ойлаймын. Әйелдер мен балалар отбасының ең әлсіз мүшелері болғанымен, олар жанұяның негізгі құраушылары. Әйелдерге жасалатын зорлық зомбылық тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның алдында тұрған қатер. Қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға бейжай қарамай құқық бұзушылықпен, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әрбір азаматтың өз ар-ұяты алдындағы борышы. Зорлық-зомбылық – жалпыға ортақ мәселе және бұл аналардың қасіреті, бұл – бүлінген тағдырлар. Келешекте өзі құрған шаңырақты шайқалтпасын десек, қыз баланың тәрбиесімен бірге, ұл баланың тәрбиесіне ерте жастан көңіл бөлу қажет. Әр жеткіншек қыз бала мен ананы сыйлауды, әйел затын қадірлеуді бала күнінен бойына сіңіріп өссе, отбасында зорлық-зомбылыққа орын болмас еді.

Ақпарат https://www.jsk.kz/%D1%82%D2%B1%D1%80%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B7%D0%BE%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B7%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%81%D1%8B%D0%B7-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81/ сайтынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ