Сарыағашта Республика күні спорт алаңшасы ашылды
“25 қазан – Республика күні” мерекесінде Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданында балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы ашылып пайдалануға берілді. Мөлтек ауданның тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған спорт алаңшасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысты.
– Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді қуанышты басқосуда алғашқы сөз тізгінін алған аудан басшысы.
Сонымен қатар,аудан басшысына ауданның ақсақалы тұрғындарының алғысын білдірді.Аудан әкімі алаңшаның лентасын қию рәсімін Самал-3 мөлтек ауданының ақсақалы мен ақжаулықты анасына ұсынды.
Айта кетсек Самал-3 мөлтек ауданында балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасының құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Alsar Gold» ЖШС тарапынан құрылысты жүргізген. Алаңшаға әлемдік стандартқа сай жасанды газон төселген. Түнгі уақытта да қызмет көрсету үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.