Сарыағашта Республика күні дәрігерлік амбулатория тұрғындардың игілігіне берілді

Бүгін ауданда 25 қазан – Республика күні ерекше аталып өтуде. Салтанатты түрде бірнеше жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілуде. Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып қатысып, лентасын қиды.

Солардың бірі, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеніндегі тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алатын медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория. Салтанатты шараға қатысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Сіздерді ұлттық мерекемен құттықтай отырып, мұндай медициналық нысандар өз кезегінде орталыққа қатынап уақыт жоғалтпай, көпшілікке тұрғылықты жерде ем қабылдауға мүмкіндік жасайды. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы». Осы мақсатта үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеймін, – деді аудан басшысы.

Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталдаған.Медициналық нысан әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдап, медицианлық көмек көрсете алады.

Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.

ПІКІР ЖАЗУ