Сарыағашта өнімді ору науқаны басталды


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бидай ору науқаны басталды. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда егістік алқаптарында тізілген комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.
Аудан диқандары жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан зор үміт күтеді. Әрине бұған мемлекетіміздің шаруашылықтарға жасаған жеңілдіктері де себеп болуда. Сонымен қатар оларға лизинг негізінде техника берілген. Жанар-жағармай, қажетті бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде мәселесі жыл сайын жақсарып келеді.
Егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған Дарбаза ауылдық округіндегі диқандар қазір алтын дәнді жинап алу үшін тынбай еңбектенуде. Егіс алқабындағы орақ науқанына 50 комбайн мен 100-ге жуық жүк көлігі қатысуда.
Биыл аудан бойынша барлығы 44,9 мың гектар жерге масақты дақылдар егілді, оның ішінде бидай – 33,4 мың гектар, арпа – 7 мың гектар, жүгері – 4,5 мың гектар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


В Сарыагашском районе началась посевная кампания. Местные дехкане использовали каждый летний час, тем самым ускорив темпы уборки зерновых. Сейчас комбайны на посевных площадях собирают зерно и отправляют его в амбары.

Аграрии возлагают большие надежды на уборочную кампанию. Конечно, этому способствуют и государственные льготы. Кроме того, людям предоставлена техника на основе лизинга. С каждым годом улучшается вопрос обеспечения ГСМ, необходимыми деталями, минеральными удобрениями.

Аграрии Дарбазинского сельского округа, которые одними из первых начали уборку урожая, неустанно трудятся, чтобы без потерь собрать пшеницу. В посевной кампании принимают участие 50 комбайнов и около 100 КАМАЗов.

Всего в текущем году по району посеяно колосовых культур на 44,9 тыс. га, в том числе пшеницы – на 33,4 тыс. га, ячменя – на 7 тыс. га, кукурузы – на 4,5 тыс. га. В этом году труд наших аграриев будут оправдан – ожидается обильный урожай.

ПІКІР ЖАЗУ