Сарыағаш: жылыжай шаруашылығын дамытуда жаңа технология қолданылуда

Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекені аумағында орналасқан «ADIA» ЖШС жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр.Осы орайда жаңа заманауи технологиямен құлпынай шаруасын дамытып отырған кәсіпкердің аудан әкімінің орынбасары Н. Талипов арнайы барып, танысты. 

Айта кетсек, «ADIA» ЖШС жылыжай шаруашылығының иесі  А.Шимбергеновтың  2,5 га алқапта жылыту жүйесіз күн сәулесі арқылы жылытылатын жылыжай құрылысын жүргізіп, құлпынай өнімін өсіруде. Жылыжайдың ерекшелігі қажетті жылу көлемін арнайы тігілген жамылғы арқылы қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, бүгін яғни  13 желтоқсан аудан аумағында ауа температурасы -15 шамасында болса,  жылыжай ішіндегі ауа температурасы + 4,4 градусты ұстап тұр. Осы арқылы қыс мезгілінде жылытуға шығын жасамай, жылыжайда құлпынай өсіруге болатынын дәлелдеуде.

Қазіргі  таңда, отырғызылған 240000 түп көшеттен келесі жылдың ақпан – наурыз айларында 72,0 тонна өнім жинау жоспарлануда. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрақты және мезгілді жұмыспен қамтамасыз етуде.

ПІКІР ЖАЗУ