Сарыағаш: ұстаздық еткен жалықпас…

Қабылова Сәуле Дабылқызы – Сарыағаш ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектепте ұстаздық қызметін атқарып келеді. Ұлы қызметте жүргеніне 38 жылға таяса да, әлі күнге педагогикадағы ізденіс жұмыстарын шығармашылықпен ұштастырып келеді.

 ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапаталған. Аудандық, облыстық марапаттардың иегері.        

2014-2021жылдар аралығында тубқатынастағы балаларға арналған «№5түзеу үлгісіндегі санаторлық бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде меңгеруші қызметін атқарды. Қазіргі таңда №71 жалпы білім беретін мектепте 2022 жылдан бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Ұстаздық жолында оқу-тәрбиемен бірге оқушыларды, мұғалімдерді қолөнер бұйымдарын жасауға баулып келеді. Айталық, өзі дәріс беретін мектепті қолөнер бұйымдарымен толықтай жабдықтаған. Ұстаз өзінің бұл әдісін оқушылардың тек біржақты сабақ оқумен ғана шектелмей, шығармашылық тұрғысынан да білім көкжиектерінің кеңейуімен байланыстырып отыр. 

Сондай-ақ, Сәуле Дабылқызы  шығармашылыққа терең ден қойған. Оның «Сиқырлы әлем», «Жас ғалым»,  «Асқабақ қалай асқабақ атанды?», «Ли мен Мон», «Жыл ата»  «Шыбын мен тасбақа», «Данабек пен Жалқаубек», «Мен ұқыпты баламын», «Не үйрендік, не білдік?», «Отаным», «Жақсы деген немене,  жаман деген немене?» тақырыптарындағы мысалдары мен төл туындылары аудандық, республикалық басылымдарда жарияланған. Тіпті әңгіме-мысалдары оқыту барысында сабақтарда ұдайы қолданылады.  

Сарыағаш ауданындағы ақын, жазушылар мен өнер адамдарының шығармашылықтары  жинақталған «Сарыағаш саздары» атты жинақ кітабында да туындылары жарық көрді. 

Ерен еңбектерінің нәтижесі жұлдыздай жарқыраған Сарыағаш ауданының Ұстаздар қауымына арналған Сапарәлі Селтановтың «Тұғыры биік тұлғалар»  кітабына ашық тәрбие сағаттары енді. 

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен,  әлеуметтік желіде 2019 жылы крантинге байланысты  онлайн түрде бәдік айту жарысы ұйымдастырылды. Ұстаздың “Бәдік айту” туындысы көрерменге мәдениет қызметкерлерінің орындауымен көрерменге жол тартып, облыс бойынша жүлделі 1-орынға ие болды.                                                                           

Біліктілігін жан-жақты шыңдаған ұлағатты ұстаз жаңашылдыққа да баса мән береді.  Өзі қызмет атқаратын білім ұясында өткен  «Lesson Study” зерттеу  аясында-мұғалімдердің оқушыларды зерттеу дағдыларын дамыту” тақырыбында аудандық семинардың жоғарғы деңгейде өтуіне мұрындық болды. 

 Ал шәкірттері де өзі сынды жан-жақтылығымен дараланып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өтетін білім додаларында қарсыластарына дес бермей келеді. 

ПІКІР ЖАЗУ