Сарыағаш: төтенше жағдайлардың орын алмауы үшін тапсырмаларды абыроймен атқарайық!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы И.Елеусизов, АПБ-нің   жергілікті полиция қызметі бастығы Ә.Ибрагимов, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Жастар ресурстық орталығы КММ басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Керімбекова жастар ресурстық орталығының 2023 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде  баяндады.

Келесі  мәселе бойынша  аудан әкімінің аппараты басшысы О.Ыбрай қыс мезгілінде орын алатын кемшіліктер мен басқада жағдайлардың салдарын болдырмау жөнінде баяндама жасады.

Соңғы мәселе бойынша аудан аумағындағы жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар туралы  аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің  басшысы   И. Елеусизов баяндап өтті.  

Лездемелік мәжілісте күн тәртібіндегі әрбір мәселе кеңінен талқыланып, аудан әкімі баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, аталған мәселелер бойынша мерзімінде жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, мәжілісті қорытындылай келе  аудан басшысы Арман Абдуллаев жүктелген тапсырмаларды қатаң бақылауға алып,  нәтижесін  баяндауды жауапты  басшыларға тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ