Сарыағаш: Тегісшілде бірнеше көшенің жолы орта жөндеуден өтеді

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Тегісшіл ауылдық округі әкімі Кемелбеков Тансық айтып өтті. Баспасөз- мәслихатына бұқаралық ақпарат өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Ауыл әкімінің айтуынша  ағымдағы жылы  «Еркін» шаруа қожалығы 0,50 га жерге жылыжай салып, ауылшаруашылығы саласына 12,0 млн тг. инвестиция тартып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жол жөндеу жұмыстары бойынша Таскескен елді мекені М.Қамбарұлы және Жаңамекен көшелерінің 1,4 шақырымына ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Таскескен елді мекені Ақбосаға, Жерұйық және Таңнұры көшелерінің 1,5 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тегісшіл елді мекеніндегі Ж.Арапов көшесінің 2,5 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет елді мекеніндегі Т.Байтұрұлы көшесінің 2,3 шақырымын орта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындарына жер учаскелерін беру үшін Таскескен елді мекенінен 50,77 га, Мәдениет елді мекенінен 51,0 га және Тегісшіл елді мекенінен 49,15 га жерге оңтайландырылған бас жоспары бекітіліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жобалық –сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Сонымен қатар, «Beibars Oil» ЖШС ағымдағы жылдың  мамыр айынан бастап жанар жағармай құю бекеті құрылысын бастаған. 

ПІКІР ЖАЗУ