Сарыағаш: сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті атта жиын өтті
Бүгін аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, ауданаралық басқармасының қызметкері Данияр Қанат Қайратұлы, дербес бөлім басшылары,құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала, және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралары бойынша қала әкімі М.Доспулов баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша ауданның ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері А.Устемиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралар туралы хабарлама жасады.
Келесі мәселе бойынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарылған шаралары туралы баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында ауданда жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.