Сарыағаш: Республика күні мерекесінде елді мекен таза ауыз сумен қамтылды

Бүгін Республика күніне орай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға таза, сапалы ауыз су берілді.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, елді мекен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтау сөз сөйлеп, құттықтады.

– Елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстары аудан қарқынды жүруде. Айтулы күні бізде қос қуаныш.Баршаңыздың отбасыңызға амандық, егемендігіміз мәңгі болсын!,- дей келе аудан әкімі,салтанатты түрде ауыз су құбырының лентасын қиюды ауыл биіне ұсынды.

Сондай-ақ, ауыл биі З.Смаилов аудан басшысына ауыл тұрғындарының ризашылығымен алғысын жеткізуп, ақ батасын берді.

Жаңатұрмыс елді мекеніне ауыз су жүргізу жұмыстарын мердігер мекеме «Корпарация Силур» ЖШС 2021 жылы бастап, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Аталған су жүйесі елді мекендегі 480 тұрғын үй сапалы таза ауыз сумен қамтылады.

ПІКІР ЖАЗУ