Сарыағаш: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша семинар өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша арнайы семинар өткізілді.

Семинарға дербес бөлімдер мен қала және ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысты.

Семинарда аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімшесінің басшысы Е.Мұсаев жиі орын алатын кемшіліктер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша баяндап өтті.

Семинар барысында бірқатар салалар бойынша ашық диалог жүргізілді және мемлекеттік қызметтердің бизнес-процесстерін талдап, оны жетілдіру жолдары талқыланды.

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы, артық құжат талап ету және қағидада көзделген құжат топтамасы толық болмаған жағдайда қызмет көрсетуді болдырмауды және мемлекеттік қызметтер көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша тиісті кеңестер берілді.

ПІКІР ЖАЗУ