Сарыағаш: құрылыс жұмыстары мерзімінде әрі сапалы аяқталуы қажет!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес  Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде  таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты. Құрылыс нысанының басында тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді.

Көшпелі кездесуде тұрғындар тарапынан мердігер мекеме өкіліне жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды және қазылған ұңғыманы тазалап беру туралы өтініш айтылды. Аудан басшысы ауыл тұрғындарымен бірге құрылыс нысанын бірге аралап, құрылыс жұмыстарының барысын  бақылады.

Айта кетсек, құрылыс нысанына аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес екі апта сайын арнайы барып, құрылысы жұмыстарының барысын бақылауда.

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді  және  алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды.Жауапты бөлім басшысына келісім-шарт мерзімін қарауды, құрылыс барысын баяндауды жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ