Сарыағаш: Құркелесте тоғыз көшеге табиғи газ жүргізілді
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Құркелес ауылдық округі әкімі Иматов Қанат айтып өтті. Баспасөз- мәслихатына бұқаралық ақпарат өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес Береке елді мекенінде қалған 9 көшеге магистралды табиғи газ құбырын жүргізіп, құрылысты толық аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жргізіліп, бүгінгі таңда табиғи газ тұрғындар игілігіне берілді. Сондай-ақ, Береке елді мекені ауыз су құрылысы бойынша 2023 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда аяқталмаған құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ауылдық округке қарасты 13 елді мекен электр қуатымен толық қамтылған.
2023 жылы жеке инвестор «Талант» ЖШС тарапынан Құлтума елді мекенінен 300 орындық мектептің құрылысы, Ақ үй елді мекенінен 178 мжәне 600 орындық мектептерінің құрылыс жұмыстары жүруде.
Жол жөндеу жұмыстары бойынша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында бюджеттен қаржы бөлініп, округке қарасты 3 елді мекенде ұзындығы 33,395 шақырым жолға яғни, 27 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда аяқталуға жақын.
Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 4 елді мекеннің 10 көшесіне ұзындығы 7,960 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстары, 2 елді мекеннің 5 көшесіне ұзындығы 1,560 шақырым жолға ағымдағы жөндеу (тас-шағал төсеу) жұмыстары жүргізілуде.