Сарыағаш: кезекті комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары және жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторлары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылардың сондай-ақ, өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функциялардың жүзеге асырылуы туралы, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған және балалар үйлеріндегі балалардың құқықтарының қорғалуы туралы және кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын -алу жұмыстарының нәтижелері бойынша жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалды.

Отырыста қаралған мәселелерге комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев ата-аналардың баланың тәртібі мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тиісті шаралар қабылдау мен олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, әжелер, әкелер кеңестері мүшелерін және ауыл билерін қатыстыра отырып кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ