Сарыағаш: каналдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан егістік жерлерге ағын су жеткізіп беру басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда, аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және суды үнемдеу мақсатында бірқатар су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы қатарда, бүгін аудан басшысы іс сапармен Дербісек ауылдық округінің аумағында орналасқан №57 каналды тазалау жұмыстарына арнайы барып, бақылады.

Қазіргі таңда, аталған канал маңына 6 дана шлюз орнату жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында басталып, қараша айында бітіру жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы тазалау жұмыстарына қажетті құрылғылардың сапасын тексеру мақсатында аудан басшысы мердігер мекеме өкілі және аудандық “Су шаруашылығы” КММ өкілімен арнайы құрылыс құрал-саймандарын сату орталығына барып,бақылады. Сонымен қатар,жауапты мердігер өкіліне,тиісті бөлім өкіліне тазалау жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ