Сарыағаш қаласында 25 көшенің жарықшамдары жаңартылды

Бүгін  аудан әкімігінде өткен  баспасөз мәслихатында Сарыағаш қаласының әкімі М. Досполов 2023 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары бойынша баяндады.

Қала әкімінің айтуынша Сарыағаш қаласының Телемұнара және Көктөбе шағын ауданындағы Өркениет, Келешек, Асаубаев, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Ауезов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Талас, Рысқұлов, Айбергенов, Қаркаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталык, Аспара, Аққум, Ақжайык көшелеріне жалпы 4,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында 25 көшенің жарықшамдарын жаңарту үшін бюджеттен қаржы қаралып, жаңартылған.

Сонымен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаевтың  тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласын дамыту жоспары бойынша  абаттандыру, көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда: қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағында қоқыс жәшіктерін орнату, көп қабатты тұрғын үйлер аумағындағы орталық ауыз су құбырларын жаңарту, су тасу қауіпі  бар 6 көшеге темір бетон астау (лоток) салу жұмыстары  орындалған. Созақ көшесіндегі Рамадан каналынан өтетін көпірге бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Мөлтек шағын ауданында балалар ойын алаңшасы, автотұрақтың  және қолданыстағы кіші футбол алаңшасы құрылыстары аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға берілді.

ПІКІР ЖАЗУ