Сарыағаш қаласын көркейту аудан әкімі Арман Абдуллаевтың басты назарында

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың барысына  арнайы барып, сапасын саралады.

Аудан басшысы қала аумағын аралау барысында алдымен  Сағат мұнарасы аумағында жүргізілген жұмыстарды бақылады. Мұнара аумағына Рамадан каналынан суғару жүйесін тартып, бүркіп суғару жүйесі құрылды және осы аумаққа газон сәндік шөптері егілді. Сонымен қатар, Сарыағаш жазуы орнатылған.       

Аудан басшысы  Сарыағаш қаласы мен Қапланбек ауылдық округінің қиылысындағы жаңадан  орнатылған  төлқұжатты аумағына арнайы барып, мердігер мекеме өкілі  атқарылған жұмыстардың  барысын баяндады.

-Жұмысты мерзімінде аяқтауға уәде бердіңіздер, сол уәдеге сәйкес құрылыс жұмыстарын сапалы  және мерзімінде аяқтаңыздар,-деп  аудан әкімі  атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе,  мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер беріп, жұмыстарды сапалы түрде белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, қала әкіміне жұмысты ұдайы бақылауда ұстауды жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ