Сарыағаш: этносаралық қатынас – тұрақтылық кепілі!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту жұмыстарын үйлестіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Жиынға аудан прокуроры Ж.Ахметбек, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Әбілханұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиал басшысы С.Кибраев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сарыағаш қаласы әкімі М.Доспуловтың, Жібек жолы ауылдық округі әкімі А.Сейтжапбаровтың ауылдық округ аумағындағы этносаралық қатынастарды нығайту бағытында 2023 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар Аудандық полиция бөліміне қарасты Сарыағаш қаласындағы №1,№2,№3 тірек учаскелік полиция пункттерінің және Жібек жолы ауылдық округіндегі полиция пунктінің аға учаскелік инспекторлары 2023 жылы өзге этнос өкілдерінің қатысуымен орын алған қылмыстар және осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар ортаға салынып, жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, комиссия отырысында аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту бағытындағы жұмысты әрі қарай жандандыруды тапсырып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ