Сарыағаш: елді мекендерді ауыз сумен қамту жоспарлануда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс сапармен барып, Жылға және Шайхана елді мекендерінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Жылға елді мекеніндегі ауыз су қоймасында болды. Бүгінгі таңда, су қоймасын бетондау, су мұнарасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай- ақ, 2 жетекті насос станциясының құрылысы аяқталған.

Сонымен қатар, аудан әкімі Шайхана елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына барып,жұмыс барысын бақылады. Қазіргі таңда, су ұңғымасы 700 метрге дейін тазартылып, бұрғылау жұмыстарымен қатар 100 метр тереңдікте 2 дана ұңғыма қазу жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ