Сарыағаш: бірлескен ведомствоаралық топ пробация есебіндегі азаматтармен жиналыс өтті

Бүгін аудан әкімдігінің жанынан құрылған ведомствоаралық сервистік топ мүшелері, аудандық прокуратура, аудандық Полиция бөлімі және «Мансап орталығы» филиалының мамандарымен біргелікте түзеу мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробациялық есепте тұратын азаматтарды қоғамнан оқшауламау және қылмысты қайта болдырмау үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыру мақсатында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында «Мансап орталығы» филиалының жауапты мамандары жұмысқа тұру үшін жолдамалар алу мүмкіндігі мен мемлекеттік грант бойынша түсіндірме жүргізіп, өз кеңестерін берді.

Сондай-ақ, аудандық прокуратураның прокуроры А.Еламан нұсқауымен үш азаматты жұмысқа орналастыру мақсатында жолдама алуға шақырды.

Жиналыс төрағасы аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов осы тектес жиналыстарда өз мұң-мұқтаждарымен бөліскен, пробация есебіндегі азаматтардың қылмысты болдырмау, қоғамнан оқшауламау және оларға әлеуметтік жағдайларын дұрыстауға көмек беретіндігі туралы атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ