Сарыағаш: Береке елді мекені табиғи газбен қамтылды

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Құркелес ауылдық округі,Б ереке елді мекеніндегі табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға барып, жай-күйін бақылады.

Бақылау барысында Береке елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан табиғи газға қосу жұмыстары бойынша талап-тілектерін жеткізді.

– Біздің басты міндет – халыққа қызмет етіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, осы орайда, елді мекендерді сапалы табиғи газбен қамту басты мақсат. Басталған тірлік міндетті түрде сапалы аяқталуы үшін жұмыс жасаймыз,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Қазіргі таңда, бір тұрғын үй табиғи газға қосылып, келесі кезекте елді мекенннің басқа да тұрғындардың үйлерін рет- ретімен табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, 8 көшенің ауамен қысымдау жұмыстары жүргізіліп, 1 көшені газ құбырларын тартуға және газ тарату жәшіктерін орнатуға үшін материалдарға тапсырыс берілген.Алдағы уақытта, орта қысымды газ құбырын орнатып 9 көшені жалғау жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме басшысына жұмыс жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыс барысының жай-күйін қайта келіп бақылайтынын ескертіп, жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндауды жүктеді. Сондай-ақ, аудан әкімі жіті бақылауында болатыны атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ