Сарыағаш: ауылдағы аңызақ ұстаз

Жанзақ Сыдықов – Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық окургінде орналасқан #70 С. Байғозиев атындағы ж.о.б.б.м -де 40 жылға жуық дене шынықтыру пәнінен дәріс беріп келеді.Талай спорттық бәйгеде дес бермей оза шапқан ұстаз алпыс белесінен асып, зейнет жасына да жеткен. Ел  алдында қажымай жүрген ұлағатты ұстазды ешкім бұл жасқа жетті деп әсте ойламайды. Қазыналы жастың қатарына енген Жанзақ Сыдықов әлі де шәкірт тәрбиелеуде талмайтынын айтуда. 

2012 жылы ауыл іргесінен шағын жаттығу залын ашып, әкелі-балалы Сыдықовтар ауыл балаларын спортқа баулып келеді. 20 жылдан астам уақыт оқушыларды үстел теннисіне баулып жүрген кәсіби жаттықтырушы өз ауылында спорттың дамуына зор үлесін қосты. Әлі күнге шәкірт дайындап,  өрге ұмтылуда. Еңбегі де елеусіз қалмады. Баптаған шәкірттері қашанда алдыңғы топтан көрініп, жүлделі орындарды олжалап келеді.  Аудан, облыс, тіпті республикалық жарыстардың жүлдегерлері дәрежесіне дейін жетті. Бірқатары алыс-жақын шетелде бақ сынап, Қазақстанды күллі әлемге әйгілеуде. 

 Ауыл спортының еңсе тіктеуі үшін тер төгіп жатқан ұстаз ауылдан жаттығу залын ашып, игілікті іс жасады. Өз шәкірттерін спортқа ұйыта білген ұстаздың еңбегі өлшеусіз. Үстел теннисінің ауылда, тіпті ауданда орнығуына еңселі еңбегі сіңді.

ПІКІР ЖАЗУ