Сарыағаш ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз жарқын болашақты таңдаймыз» атты форум өтті
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігі бірлесіп, «Нашақорлыққа жол жоқ, біз жарқын болашақты таңдаймыз» атты форум өткізді. Форумға аудан әкімі Арман Айдарұлы, полиция басшысы Есенғали Елікбайұлы, прокурор Мақсат Мырзабайұлы, полиция бөлімінің жеке құрамы, медицина саласының қызметкерлері, ардагерлер, спикерлер, оқушылар, студенттер, ұстаздар мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында спикер ретінде келген қонақтар өте қажетті мағлұматтарды баяндап, профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды.
Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз ойларын білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.
Сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар және профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.
Жиын соңында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз жарқын болашақты таңдаймыз!» ұранымен тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Алдын алу үшін ұсыныстар білдіріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі