Сарыағаш: ауданның дихандары 359, 6 мың тонна көкөніс өнімдерін жинады

Аудан экономикасының драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласы өкілдері жаздай еткен еңбектерінің жемісін көруде. Бүгінде, шаруалар болгар бұрышын жинап, еліміздің барлық өңірлері мен Ресей мемлекетіне саудалауда.

Айта кетсек, ағымдағы жылы 1524,7 га аумақта болгар бұрышы өсіріліп, қазіргі уақытқа 11,0 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Ағымдағы жылы шаруаларымыз 10763,5 га жерде көкөністің бірнеше түрін өсіріп, еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып отыр. Оның ішінде, 1763 га бір алқаптан 2 – 3 өнім алу бойынша жұмыстар атқарылып, мол өнім алуға қол жеткізілді. Дихандардың тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде бүгінгі таңға 359,6 мың тонна көкөніс өнімдерін жинауға қол жеткізілді.

ПІКІР ЖАЗУ