Сарыағаш: ауданда “Ауылым-алтын бесігім” атты концерттік байқау өз мәресіне жетті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев «Ауылым – алтын бесігім» фестиваліне, «Мен өз ісімнің маманымын» атты аудандық байқаудың қорытынды концертіне қатысты.

-Сіздерді алдағы келе жатқан ұлттық мерекемізбен құттықтаймын! Жыл басы ауданымыз мәдениеті үшін табысты болды десек артық емес шығар, себебі күллі облыс жұртшылығын таңдай қақтырған «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі Өзбекстан Республикасы, Ферғана облысы, Марғұлан қаласында өткен «Ұлы Жібек-жолы» халықаралық фольклорлық музыка орындаушылар байқауының бас бәйгесін қанжығалап, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл аудан халқы үшін де зор мақтаныш екенін атап өткен жөн. Осынау жауапты жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, -деп аудан басшысы жылы лебізін білдіре отырып, елді-мекендердегі мәдениет нысандарының жұмысын жандандыру мақсатында жуырда өткен «Мен-кәсіби маманмын» байқауында топ жарғандарға арнайы дипломмен қоса арнайы дыбыс күшейткіш апаратуралармен марапаттады.

Салтанатты іс шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының өнерімен жалғасты. Өнерпаздар көрермендерге өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ПІКІР ЖАЗУ