Сарыағаш: ауданда «АУЫЛ ЕЛ-БЕСІГІ» бағдарламасы аясында спорт кешенінің құрылысы қарқынды

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Жарты төбе ауылдық округіне арнайы барып, Құрама елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының мән-жайын бақылады.

Бүгінгі таңда, магистрал су құбырларына бұрғылау жұмыстары (ГНБ) жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, магистрал су құбырлары 9,5 шақырым жүргізіліп, абоненттік су құбырлары 6 шақырымға тартылып, 140 дана су құдықшалары орнатылған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 67 отбасыны таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстарының қарқынымпен танысқан танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев, мердігер мекеме өкіліне жүргізіліп жатқан су құбырларының жобаға сәйкес сапалы әрі мерзімінде орналастыру қажет екенін ескертті.

Келесі кезекте, аудан басшысы Құрама елді мекенінде Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің мән-жайымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Айта кетсек, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп,қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасын (бетон) құю жұмыстары аяқталып. Темір арқалықты орнату жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ