Сарыағаш: ауданда 27 гектар жаңа қоныстану аймағы игерілуде

Бүгінгі таңда, елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен Заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды.Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда 27 гектар жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Қарабау елді мекеніне арнайы барып, 27 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысымен танысты. Аталған құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан көше аралық құбыр жолдарын қазу жұмыстары жүргізіліп,қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды.

Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округ әкіміне Қарабау елді мекеніндегі елді мекен шегіне енген 27 га жер танабының инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған соң, заң талаптарына сәйкес кезектегі азаматтарға жер учаскелерін табыстау жұмыстарын бастауды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ