Сарыағаш: ауданаралық футбол турнирінің жеңімпаздары марапатталды

Салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа насихаттау мен спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «25 қазан -Республика күні» аясында және «Жас қанат» футбол клубының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған ауданаралық футбол турниріне 7 команда қатысып, қызықты да тартыс ойын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

I-орынды Абай командасы,

II-орынды Алекс командасы,

III-орын жүлдесі «Қазығұрт командасы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, көзге түскен үздіктер номинациялармен марапатталды.

«Үздік ойыншы» — Рысымбетов Оралбай (Алекс командасы),

«Үздік шабуылшы» — Мамаев Абай (Қазығұрт командасы),

«Үздік қорғаушы» — Бөртебаев Ержан (Бүркіт командасы),

«Үздік қақпашы» — Бекботаев Нұрдәулет (Абай командасы),

Жеңіпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің кубогымен және алғыс хаттарымен облыстық мәслихат депутаты Б.Басымбек марапаттап,бағалы сыйлықтар табыстады.

ПІКІР ЖАЗУ