Сарыағаш: аудан басшысы тұрғындармен кездесуі Көктерек ауылдық округінде жалғасты

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен есептік кездесуде тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлер қабылдады.

Осыған дейінгі кездесулерде айтылған мәселелердің орындалу барысын тұрғындар алдында баяндап, алдағы ауданның даму жоспарына тұрғындарға өз ұсыныс-пікірлерін білдіруді аудан әкімі ұсынды.

-Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Сіздердің ой-пікірлеріңізді есту, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен тыңдауға дайынбыз. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер шешілді,– деді аудан басшысы.

Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына электр энергиясы,жаяу жүргіншілер жолағын сызу, бейнебақылау орнату, мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасау, мектептің әжетханаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ