Сарыағаш: аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Жаңатұрмыс елді мекеніндегі  дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

– Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында дәрігерлік амбулатория құрылысы басты назарда.Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады,-деді аудан әкімі.

Айта кетсек, дәрігерлік амбулаторияның қазаңшұңқырын құю жұмыстары аяқталып, алдағы уақытта кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда. Аталған дәрігерлік амбулатория іске қосылғаннан соң, бір ауысымда 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекеме басшысына бірінші кезекте құрылыс жұмыстарына қолданылып жатқан материалдардың сапасына аса мән бере отырып, нысанның құрылысын мерзімінен кешіктірмей аяқтау қажеттігін ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ