Сарыағаш: аудан әкімі жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы ауданның дамуы жоспарына сәйкес қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелер ауданның даму жол картасына енгізіліп, кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі, Жемісті ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салу бойынша көтерілген мәселе де шешімін тауып, бүгінде құрылыс басталуда. Ескерте кетсем, ауданда салынған әрбір нысанға ауыл тұрғындары жұмысқа тартылатын болады. Сондай-ақ, апаттық жағдайдағы көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. Елді мекендерді өркендетуге барынша күш саламыз. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етеді. Көтерілген сұрақтардың барлығы өз шешімін табатын болады,- деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Кездесуде тұрғындар тарапынан электр бағаналарын орнату, ұялы байланыс, табиғи газ бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін атап өтті.

Сонымен қатар,ауыл тұрғындары аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, алғыстарын білдірді.

Жиыннан кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ