Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихат депуттарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев кіші  мәжіліс залында жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті. Ауданның  шешілуіне тікелей атсалысып келе жатқан депутаттармен арнайы кездесудің маңыздылығына тоқталған аудан басшысы, бүгінгі күнге дейінгі Сарыағаш қаласын дамыту бойынша атқарылған  жұмыстардың  жай-күйін саралап өтті.

Айта кетсек, Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына енгізілген әрбір іс-шара аудан басшысының жіті бақылауында, сондай-ақ, жоспарға  сәйкес мәселелерді оңтайлы шешу бағытында жауапты сала басшыларына және қала әкіміне  тиісті тапсырмалар жүктелген.

Кездесу  барысында қаладан сайланған  депутаттар: Ж.Баянов,  М. Талман, Қ. Жүсіпов, Б.Мырзалиев, Ө. Садықов өздерінің аумақтары бойынша тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің тізбегін тарқатты. Соның ішінде қазіргі таңда  қала халқы үшін дәрігерлік амбулатория салу, спорт алаңашаларын салу, жарық бағаналарын жаңарту, жол және ауыз су мәселелері бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу аясында қаузалған мәселелердің көпшілігімен таныс екендігін айтқан аудан басшысы қаланы дамыту  және тұрғындардың тұрмысын жақсарту  бағытында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылатындығын айта келе, жергілікті депутаттармен  ел арасындағы мәселелерді ортаға салып, талдап, шешу бағытында жұмыстар жалғасатындығын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ