Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарын бақылады

Бүгін аудан әкімі жұмыс барысымен арнайы Жібек жолы ауылдық округінде болып, Жаңатұрмыс елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

-Аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында, дәрігерлік амбулатория құрылысына басымдық берілуде. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Айта кетсек, қазіргі таңда медициналық нысанның қазаншұңқыр қазу жұмыстары жалғасуда , іске қосылған соң бір ауысымда 15 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсете алады.

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының мерзімінде сапалы аяқтауды және жұмыс барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

 Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ