Сарыағаш: аудан әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік қызметкерлермен ашық сұқбат жүргізді
Бүгін, аудан әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл О.Ыбрай Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, мемлекеттік қызметшілермен ашық форматта көшпелі кездесу өткізді.
О.Ыбрай Дарбаза ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің атқарылған жұмыстары жөнінде есептерін тыңдап, алдағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі жөнінде ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарыда жүргізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты мен одан кейін де Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізу, мемлекеттік органдар арасында қызметтік пен орындаушылық тәртіпті күшейту мәселелері талқыланды.
Жиын соңында О.Ыбрай мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталып, кездесуді қорытындылады.