Сарыағаш: алтын құрсақты аналар марапатталды

Бүгін ауданның мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А. Қозыбаев алтын құрсақты аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілерін табыстады.

– Еліміздегі айтулы Республика күні қарсаңында, осынау жарқын мерекеде «Алтын иегерлері» атанып отырсыздар. Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбейуі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен отбасының амандығын, толағай табыстар мен жетістіктер, береке-бірлік шаңырақтарыңыздан шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін», – деп аудан әкімінің орынбасары игі тілегін білдіріп, ауданымыздың 18 көпбалалы аналарын «Алтын алқа» мемлекеттік төсбелгісімен марапаттады.

Ауданда ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік алтын құрсақты аналарымыздың 112- «Алтын алқа», 353 – «Күміс алқа»мемлекеттік төсбелгілері табысталған.

ПІКІР ЖАЗУ