Сарыағаш: 717 отбасыны сапалы электр энергиясымен қамту жоспарлануда

Бүгін аудан басшысы жұмыс сапарымен Құркелес ауылдық округі , Еңкес елді мекенінде болып, электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Айта кетсек, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың маусым айында өткен халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан электр бағаналарын қою туралы өтініш жеткізген болатын.Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысының тапсырма орындалуда.

Аталған нысанның құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан басталып, қазіргі таңда электр бағаналарын қою жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 10кВ электр желісінің ұзындығы 3,560 шақырым және 0,4кВ электр желісі ұзындығы 15,361 шақырым.Сонымен қатар, 10кВ 156 дана және 474 дана 0,4 кВ электр бағаналары, орнату қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 717 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы аяқтап, белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.

Ал, тиісті бөлім басшысы мен ауыл әкіміне құрылыстың барысын ұдайы бақылауда ұстауды міндеттеді.Сонымен қатар,құрылыс жұмыстарын бақылау үшін жұмысшы топ ұйымдастыруды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ