Сарыағаш: 13 көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту жүйесінің жұмыс атқару барысын бақылады
Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағына арнайы барып жылыту жүйесінің және жылыту қазандығының жұмыс атқаруын барысын бақылады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында 13 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінің жылымау бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Осы орайда, аудан басшысы арнайы тұрғындармен және мердігер мекеме өкілімен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту қазандығының жұмыс атқаруын барысын бақылап, мәселенің жай-күйін саралады.
– Жылу қазандықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалауда ұстаймыз. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылумен қамтылып, ешбір тұрғын қиналмауы тиіс,- деді аудан басшысы.
Қазіргі таңда, 13 көпқабатты тұрғын үйлер толығымен жылыту жүйесіне қосылған. Алайда, тұрғындар тарапынан тұрғын үйдің ішінен, жылу құбырынан суды ашып жіберу салдарынан пәтерлер толыққанды жылумауда.
Аудан әкімі жауапты бөлім басшысына мәселенің шешу жолдарын қарастырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай- ақ, өз жіті бақылауында болатынын атап өтті.