Сапалы білім, саналы тәрбие беретін ордалар жөндеуден өтіп жатыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Биыл Ордабасы ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдымен Бадам ауылындағы Ә.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берілген. 640 орындық мектепте 849 оқушы білім алады. Мұнда спорт залы, акт залдарының жоғарғы қабырғасын жөндеу, ішкі еден ауыстыру, ленолиум ауыстыру, ішкі қабырғаларын қырып сылау және есік-терезелерін ауыстыру жоспарланған. Содан соң Мәдениет ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебіне соқты. 300 орындық білім ұясы 2009 жылы пайдалануға берілген. Мектептің сыртын қаптау жұмыстары, терезенің тұтқаларын ауыстыру, есік ауыстыру, едендерін қалпына келтіру, ішкі жарылған қабырғаларын жөндеу және жылу жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс барысында Берген ауылы, К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. 420 орындық ғимарат 2007 жылы пайдалануға берілген. 402 оқушы білім алады. Жоспар бойынша сырты қапталып, ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ленолиум, ағаш еден және кафель еден ауыстырылады. Бұдан бөлек Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы және Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Білім ошағының сырты қапталып, терезе-есіктері ауыстырылады. Ішкі қабырғаларын әктеу, сырлау, едендерін қалпына келтіру, ленолиум төсеу сынды жұмыстар да жоспарда бар. Ал Жеңіс ауылы, Ө.Тұрманжанов атындағы және Бөген ауылы, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектептерінің сыртқы қабырғасын металосайдингпен қаптау жоспарланған.

Іссапар аясында Сайрам ауданындағы №49 Ш.Уәлиханов атындағы мектебіне барып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Орындалу сапасын бақылады Мердігер мектеп әкімшілігімен және Қамқоршылық кеңесімен бірге ақылдаса отырып, сметалық жобадан тыс мектеп қажеттілігіне қарай жұмыстарды жүргізіп жатқанын көрді. Білім орда мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының жаңа оқу жылына дайын болатынына сенім артты.

Бейсенбай Дәулетұлы Түлкібас ауданындағы жұмыс сапарын Састөбе кентінен бастады. Сол жердегі 1975 жылы пайдалануға берілген Макаренко мектебінде сыртын жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда мердігерді анықталып, келісім-шарт түзілуде. Содан соң сол елді мекендегі ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Қарлығаш балабақшасына табан тіреп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады. Шатырын ауыстыру, электр және су жүйесін жаңарту жұмыстары жүріп жатқан нысанды облыс әкімінің орынбасары жауаптылармен толық аралап шығып, жөндеу жұмыстарының сапалы болуын, әрі уақытында аяқталуын тапсырды.

Сыртын қаптау жұмыстары басталатын Балықты ауылындағы Рыбалко, Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин мектептерінде және сыртқы жөндеу жұмыстары қарқын алған Т.Рысқұлов ауылындағы Жанкент, Жабағылы ауылындағы Ә.Молдағұлова мектептері мен “Алтын ұя” балабақшасына арнайы ат басын бұрып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Аталған нысандары аралау барысында жұмыстың сапасын ерекше бақылауда ұстауды жауаптыларға ескерткен облыс әкімінің орынбасары балалар қауіпсіздігі, сыртқы және ішкі әжетханалардың және жылу жүйелері мен қазандықтардың жағдайына қатысты мектеп директорларына біршама тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дейін реттеу керектігін атап өтті.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Абайыл елді мекеніндегі медициналық тіректің құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады. Мердігермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ