«Сансыз бапты сайрамнан – тарихы терең Түлкібасқа сәлем!»

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Түлкібас ауданындағы «Туған жерім – алтын бесігім» ауданаралық мәдениет күндерінің аясында мәдени байланысты нығайту, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Сансыз бапты Сайрамнан – тарихы терең Түлкібасқа сәлем!» атты іс – шарасы өтті. Шара барысында Сайрам аудандық орталық кітапханасының тақырыптық кітап көрмесі, ұмыт қалған ұлттық салт – дәстүрлерді насихаттаушы “Көркем” және “Асыл әжелер” топтарының 13 жасқа толған қыз баласын оң босаға отырғызу, нәрестелі болған жас келіннің басындағы ақ жаулығын кимешекке ауыстыруға арналған “Желік алу “‘ балалардың буындары мен ойлану қабілеттерін дамытатын Шекем тас, асық ату ойындары мен тәрбиелік мәні бар ана мен бала арасында қарым қатынас көріністері ұсынылды. Құрманбек Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары “Қыз – жігіт” айтысы, “Соқыртеке”, жұмбақ жасыру ойындарынан соң Түлкібастың киелі сахнасында аудандағы 5 Халықтық атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары мен жаңадан бой көтерген “Айназ” би студиясының өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, ауданымыздың қылқалам, қолөнер шеберлерінің туындылары көременнің назарынан тыс қалмай, жоғары бағасын алды. Іс шараға Түлкібас ауданы әкімдігі мен бөлім басшылары арнайы ат басын бұрып, сайрамдықтарға деген ыстық ықыластарын жеткізді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ