«SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды қолдайды
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Түркістан облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті. Киелі Түркістандағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.
«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін», – деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.
Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірдегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты. Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2018-2021 жылдар аралығы, қордың қайырымдылық қызметі аясында өңірде жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге 28 әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл қаражатқа спорт кешендері салынып, пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне Damas санитарлық машиналары, 5 бірлік көлемінде оттегі концентраторлары, 50 пульсоксиметр табысталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі