Сақшылар жастардың қауіпсіздігіне баса назар аударды
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастамасымен жергілікті әкімдік, аудан аумағында орналасқан барлық білім беру ұйым өкілдері, жасөспірімдер, жалпы 350 адамның қатысуымен жиналыс өтті.
Іс-шарада Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Е.Қозыбаев, аудан прокурорының орынбасары А.Туршеков пен Сарыағаш ауданының бас полицейі Е.Бейсебаев сөз алып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен амандығы бағытында атқарылып жатқан қызметтер аясында баяндама жасады.
Күн тәртібінде жастармен салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа, спирттік ішімдікке қарсы, құқық бұзықшылық пен қылмыстардың алдын алу тақырыбы қозғалды.
Спикерлер жас жеткіншектерге кұкық бұзушылықтарды жасаған жағдайда қылмыстық істердің заңмен жазаланатындығын, әрқашан білімге құмартып, құкықтық сауаттылықтарын жетілдіру керектігін жеткізді.
Қолданыстағы заңға сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлерімен кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі