Сайрамдық сақшылар студенттермен кездесу өткізді

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданы полиция басқармасының бастамасымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, прокурор Дәулет Тлемисов, полиция басқармасы қызметкерлері, білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп ұжымы және 320-ға жуық колледж студенттері қатысты.

Кездесуге полиция басқармасының бастығы М. Ермеков, прокурор Д. Тлемисов сөз сөйлеп, жастар арасында заң бұзушылықтың алдын алу, идеологиялық шараларды күшейту, заң бұзушылыққа жол берген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Өз баяндамасында полиция полковнигі Мұрат Мұхтарұлы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу кешенді мәселелерін әзірлеу-қылмыстың алдын алу жүйесіндегі маңызды бағыты екендігін сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты ескертуге, алдын алу жұмысына отбасын, жақын ортасын тарту керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикалық жұмыстарды нығайту бойынша ұсыныстар мен пікірлерімен алмасты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ