Сайрам: жылыту маусымына барлық мектеп дайын

Аудан әкімі Арман Сәбитов мектептердің жылыту маусымына дайындығын жіті бақылауында ұстап отыр. Жуырда өткен аппараттық жиында тиісті орынбасарларына және аудандық білім бөлімінің басшысына білім ошақтарына қатты отынның тиісті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Бүгінде 2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 200 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Аудандағы 96 мектептің 74-і мемлекеттік, ал 22-і жекеменшік білім нысандары. Қазір ауданда табиғи газбен жылытатын 36 мектеп және 7 балабақша бар болса, қатты отынмен (көмір) 35 мектеп және 4 балабақша пайдалануда. Сондай-ақ, сұйық отынмен (солярка) 3 мектеп жылытылуда. Биыл жылыту маусымына 13 616 тонна көмір түсірілді. Аудандағы білім ошақтары толықтай жылыту маусымына дайын.

Бұдан басқа, сұйық отынмен жылытатын білім нысандарына 130903 литр соляркамен қамтамасыз етілді. Жалпы жыл соңына дейін 19 мектептің қазандықтарын қатты отыннан көгілдір отынға ауыстыру жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ