Сайрам: жас аналарға арналған байқау өтті
Бүгін Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Алтын бесік -2023» жас аналарға арналған байқау өтті.
Аталған конкурс ұлттық салт – дәстүр мен әдет – ғұрыптарды жас ұрпаққа насихаттап дәріптеу мен қатар, отбасында жас ұрпақты ұлағатты ата жолымен тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау барысында жас аналар бесікке салу рәсімін егжей – тегжейлі дәріптеп, бесік жырын нақышына келтіріп орындады. Бесік жырының сан түрлі нұсқалары ұсынылып, ең ерекше деп танылғандары төмендегідей жүлделерге ие болды. Байқауға облысысымызға қарасты 14 аудан мен 3 қаланың намысын арқалап 15 жас аналарымыз қатысты.
«Алтын бесік» жас аналарға арналған облыстық байқаудың бас жүлдесі – Түркістан қаласынан қатысқан Ынтықбай Данагүл алды. Жүлде қоры 400 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, бірінші орын Шардара ауданына, ал екінші орынды Бәйдібек ауданынан келген Ұлжалғас Темірбаеваға бұйырды. Үшінші орыннан Түлкібас пен Сайрам ауданынан қатысқан қатысушылар көрінді. Бұдан бөлек, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.