Сайрам – үздік аудан атанды
Бүгін Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облысымызда алғаш рет «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, олардың мәртебесі мен беделі туралы қоғам арасында оң пікір қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосып келе жатқан дін мамандары мен діни қызметкерлер 12 номиция бойынша жеңімпаз атанды.
Оның ішінде Сайрам ауданы – «Үздік ақпараттық түсіндіру тобы» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, ауданымыздың бас имамы Оспанов Арыстан Оразалұлы «Үздік зияткер имам» номинациясымен марапатталды. Бұл өз кезегінде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесі.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.
Өз сөзінде облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов жеңіс тұғырынан көрінген азаматтар мен қала, аудан әкімдіктерін босаңсымауға, ал, өзге де қатысушыларға жұмысты жандандыруға шақырды.