Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам: тәуелсіздік күніне іс-шара ұйымдастырылды

Қазақ Елі басынан небір қиындықтар өткізгені тарихтан мәлім. Қилы-қилы замандарға тап болып, мың өліп, мың тірілді. Бабаларымыз ат үстінде найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, болашақ ұрпақтарына жерді, Тәуелсіздікті сый етіп қалдырды. Ал мұны білмек әрбір қазақстандықтарға парыз десек артық айтқандық емес. Әсіресе, еліміздің ертеңі саналатын жастар жағы Егемендікті бағалап, елін сүйер азамат болып қалыптасу қажет.

Бүгін осы мақсатта арнайы іс-шара ұйымдастырылды. ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған дөңгелек үстелде аудан әкімінің орынбасары Ансар Усербаев төрағалық етті. А.Жаңабайұлы құттықтау сөздерін жеткізіп, желтоқсаншыларды аудан басшысының атынан арнайы марапаттады. Сый-құрмет көрсетті.

Партия төрағалары, ардагерлер, зиялы қауым мен қоғамдық институт өкілдері, аудан белсенділері және жастар қатысқан іс-шарада 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» куәгерлері арнайы шақыртылды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» деген болатын. Қазақ тарихында өзіндік орны бар оқиғаның тірі куәгерлері, анданымыздың азаматтары жиында қатысушы жастарға басынан өткен оқиғаларды айтып, сырларымен бөлісті. Естеліктерін жеткізді. Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, әрбір таңын бағалауға шақырды. Жастардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, жиынның мазмұнын ашты.

Іс-шара барасында патриоттық әндер орындалып, жылы лебіздер білдірілді.

Сәйкес жаңалықтар

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен және орталыққа келген халықпен кездесті

admin

Дархан Сатыбалды: «Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол»

admin

Тең құқылы қоғам

admin