Сайрам: мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жол мәселесін сынға алып, 5 жылдан кейін жолдардың 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берген.

– Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек, – деген болатын мемлекет басшысы.

Осыған сәйкес, Сайрам ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше қазіргі таңда аудандық маңызы бар КХ 36 «Ақсу-Көмешбұлақ» 7,8 шақырым, КХ-14 «Манкент-Қалдаман»КХ-97 автокөлік жолы, КХSR-19 «Қарасу-Ақбастау-Шымкент қаласының шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпір, КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек Жолы» жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында елдімекен ішіндегі 25 ішкі көшенің 45,3 шақырымын жөндеу жұмыстарына 1млрд. 041 млн. 868 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 9 жолдың атап айтар болсақ – С. Рахимов, Дихан баба, Келешек, Тәуелсіздік, Жантақсай, Нұрлы жол, Пахтазарибтар, Тастақ, Тоған көшелерінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Қалған көшелердің құрылыс жұмыстары бітіп, қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, 14 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттің есебінен 448 млн. 616 мың теңге, Қарасу ауылындағы А.Байтұрсынов көшесін күрделі жөндеу жұмысына 50 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда 5 жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған көшелер бойынша қабылдау жұмыстары қолға алынған.

ПІКІР ЖАЗУ