Сайрам: лездемелік мәжілісте маңызды мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары» туралы Сайрам аудандық орталық ауруханасы басшысы, аудандық штаб төрағасының орынбасары Ерғали Алимбаев баяндады. Аудан басшысы аталған мәселе бойынша күнделікті бақылауға алып, жұмысты күшейтуді тапсырды.

Одан кейін аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймырза Бейсембаев «Аудан аумағында автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындық барысы» жайында баяндады. Аудан аумағында жалпы пайдалынымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1 298,1 шақырымды құрайды. Бөлім басшысы қазіргі таңда қалың жаууына байланысты көшелерді тазалау, инертті материалдарды себу жұмыстары қолға алынғандығын жеткізді. Аталған мәселе бойынша аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмаған аудан басшысы алдағы уақытта кемшіліктерді ретке келтіріп, күшейтілген режимде жұмыс істеу керектігін жүктеді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе, яғни «Аудан аумағындағы қоғамдық саяси ахуал және әлеуметтік желілердегі жұмыстар» жайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәбит Реметов баяндады. Атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында егжей-тегжейлі атап өтіп, бірқатар ұсыныстар жеткізді. Аталған мәселелер бойынша А.Сәбитов ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына ақпараттық бағыт бойынша бірлесе жұмыс жүргізуді тапсырды. Атқарылып жатқан жұмыстарды БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жайында арнайы жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

ПІКІР ЖАЗУ