Сайрам: көкпардағы қоғамдық қауіпсіздік басты назарда

Елімізде күн суытқан мезгілде қазақтың ұлттық ойыны – көкпар ойыныың жиі ұйымдастырылатындығы белгілі. Алайда, аталған іс-шаралар барасында қоғамдық тәртіптің сақталуы, ойын бекітілген ереже аясында ұйымдастырылуы маңызды.

Дәл осы мақсатта бүгін аудан әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы көкпар федерациясының төрағасы Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен жиын өтті. Ауылдық округі әкімдері, аудандық полиция басқармасының қызметкері, округтердегі көкпар төрешілері қатысқан жиында облыстық көкпар федерациясының өкілдері келіп, ұлттық ойынның ұйымдастыру тәртібімен таныстырды. Ол үшін федерация тарапынан арнайы ережелер үлгісі бекітілген.

Осы орайда, айта кетерлік маңызды мәселе – көкпар өткізуге ниеттенген азамат ең бірінші жергілікті ауылдық округ әкімдігіне жазбаша түрде өтініш жазуы қажет. Сол арқылы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары хабардар етілуі міндетті. Егер облыстық көкпар федерациясы тарапынан бекітілген ережеге сай кемінде 10 күн бұрын хабардар етілмесе көкпар өткізуге рұқсат етілмейді. Бұл бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздік сақталуы үшін маңызды.

ПІКІР ЖАЗУ