Сайрам: Қайнарбұлақтықтардың мәселесі басты назарда

Бүгін аудан әкімі А. Сәбитов Қасымбек Датқа ауылының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жиынға Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Е. Дүйсебаев, аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б. Бейсембаев қатысты.

Кездесуде ауыл тұрғындары Қасымбек Датқа ауылы 120 га Жаңақұрылыс аумағына ауыз су жүйесін жүргізу, көшелерге тас төсеу жұмыстары туралы мәселелер қозғады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі А. Сәбитов аталған аумаққа су жүйесін жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен 132,2 млн. теңге қаржы қарастырылып, мердігер мекеме «Бемир-Құрылыс»ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары және су ұңғысын, су мұнарасын орнату үшін «Шымкент Грант Строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Қасымбек Датқа ауылында 15А, 15Б, 15В көпқабатты үйлердің қасбеттері мен қазандықтарын жөндеу туралы мәселе сөз болды. Аудан басшысы көпқабатты үйлердің қасбету мен жылыту қазандығын жөндеу үшін жергілікті бюджет есебінен 15,8 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатқанын айтты.

Бұдан соң әкімі А. Сәбитов Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Шіркін ауылының тұрғындарының базынасын тыңдады. Мұнда су ұңғымасын қазу, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру туралы айтылды.

Аудан әкімі Шіркін ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналарды ауыстыру жұмыстары Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС тарапынан Инвест жобаға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады.

Аудан әкімінің кезекті кездесуі Құрылық ауылында жалғасты. Ауыл тұрғындары Ауылдан қосымша су ұңғымасын қазу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” жолынан Құрылық ауылына кіретін көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініш жасады.

Бұған аудан басшысы «Құрылық ауылында қосымша су ұңғымасын қазу үшін жергілікті бюджеттен 19,6 млн. теңге қаралғанын, су ұңғысын қазу мердігер мекеме Энерготеполопроект»,- ЖШС-не жүктелгенін тілге тиек етті.

ПІКІР ЖАЗУ